(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 27/1 шешімі

(2023.20.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023.18.04. № 2/1 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.07. № 4/1 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 3 786 902,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 884 760,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 14 943,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 847,3 мың теңге;

трансферттер түсімі - 2 879 350,8 мың теңге;

2) шығындар - 3 864 323,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 837,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттiк кредиттер - 31 050,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 213,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -89 257,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 89 257,9 мың теңге.

2. Әлеуметтік салық бойынша аудан бюджетіне кірістер бөлу нормативі -100 % екені белгіленсін.

3. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте 4 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.

4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтерінің және ауылының бюджеттеріне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.